Қарағанды облысында газдандыру жұмыстары төртінші жыл қатарынан жүргізіліп келеді. Бүгінде Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларына табиғи газ жетті. Ондаған мың үйге магистральдер тартылған. Дегенмен, толық газдандыру жолында бірқатар қиындықтар бар – қаржыландырудың жеткіліксіздігі мен мердігерлермен соттық даулар кедергі болуда. Бұл мәселелер сенатор Серік Үтешов пен Энергетика министрлігінің өкілдері қатысқан кеңейтілген жиында талқыланды. Толығырақ тілші тарқатсын.