Халыққа қызмет көрсетудің жаңа кезеңі
ҚР Парламентінің сенат депутаты Серік Өтешов Қарағанды облысының мемлекеттік және сервис қызметтер орталығының жұмысымен танысты. Алдымен, орталықтың ішкі құрылымына баса назар аударды. Сенаторға бірінші қабатта орналасқан диалог алаңы – облыс әкімінің азаматтарды қабылдайтын орны мен полиция департаментімен бірлескен «Отбасыға көмек көрсету орталығының» жұмысы көрсетілді.