Әкімшілік полиция жол-техникалық инспекциясы бөлімінің өкілдері «Казавтожол» және «Қазахатодор» компаниясымен бірлесе жол бойындағы белгілерді, қар тазалауға қажетті техникаларды бақылауға алды. Аталған компанияда техника бірлігі жеткіліксіз екен. Мамандар проблеманы шешуге кіріскен.
Абылай АМАНДЫҚҰЛЫ, «Казавтодор» компаниясының бөлім басшысы:
-Қарағанды облысы боынша республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 2784 шақырымды құрайды. Оның 2200 шақырымы "Қазахавтадор" компаниясына тиесілі. Біз өзіміміздің тарапымыздан генеральный директорға өтініш жіьердік. Техника алу бойынша.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін күшейту үшін әкімшілік полиция жыл басынан бері өңіріміздің 1857 жолын тексерген. Оның 497-сі темір жол өткелі. Рейдтің нәтижесінде тәртіп сақшылары жауапты жол мекемелерінің басшыларына 1721 ескерту жазған.
Дулат ӘДІЛХАНҰЛЫ, облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы:
-Тексеріс кезінде техникалардың жеткіліктілігі мен олардың жағдайы назарға алынады. Аталған жұымыс облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтіп жатыр. Оны жауапты мекемелер мен жергілікті әкімшілік полиция бөлімдері жүзеге асыруда.
Осы жолғы тексеріс шараларының ауқымы үлкен, мақсаты айқын.Алдағы күндерде ауа-райы күрт бұзылуы мүмкін екен. Сол себепті де жүргізушілерге тәртіп сақшылары жүргізушілерге жолда абай болуды үндейді.
Ерік НАРЫН
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар