Негізгі Жаңалықтар Қазақстанда интернет сапасы артады

Қазақстанда интернет сапасы артады

Қазақстанда 3G мобильді байланыс желісі келер жылдың соңына дейін толықтай қолданыстан шығады. Ал 2027 жылдың соңына қарай ауылдық елді мекендердің 92 пайызы жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернетке қосылмақ. Қалған ауылдар спутниктік байланыспен қамтылады. Бұдан бөлек, Каспий теңізі арқылы Еуропа мен Азияны жалғайтын жаңа цифрлық дәліздер ашылып, 40 мың шақырым автожолда мобильді интернет қолжетімді болады. Бұл туралы Үкімет отырысында телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту мәселесін талқылау кезінде айтылды.


Бөлісу