«Кітапхана - жаңа форматта»
Қарағандыдағы Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана заманауи көпфункционалды кеңістікке айналды. Мемлекет басшысының «кітап оқитын ұлт» қалыптастыру жөніндегі жобасы аясында жаңа кейіпке енген кітапхананың келбеті түбегейлі өзгерген.