«Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауының қалалық кезеңі
Ұлттық рухты ұлықтап, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті. Білім додасында оқушылар Алпамыс батыр жырынан үзінділерді жатқа айтып, өздерінің зеректігі мен дайындық деңгейін көрсетті.