Экобелсенділер марапатталды
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық бастамаларға 160 мыңға жуық адам атсалысқан. Қоршаған ортаны қорғауға белсенді үлес қосқан азаматтар «Таза Қазақстан - жарқын болашақ» жастар экологиялық форумында марапатталды. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.