Жазасын өтеуші азаматтарға мүмкіндіктер қарастырылады
Жаңа әкімшілік ғимарат, заманауи оқу полигоны мен озық технологиялар. Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесінде ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қызметкерлердің еңбек жағдайы жақсарып, сотталғандармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері енгізілуде. Сонымен қатар жазасын өтеушілерге арналған жаңа жұмыс орындары ашылып, дерадикализация орталығы салынды.