«Көзкөргендер» ансамблінің құрылғанына - 15 жыл
Өнер жолында табандылық танытып, ұлттық мәдениетті ұлықтап келе жатқан «Көзкөргендер» ансамбліне – 15 жыл. Осы уақыт ішінде шығармашылық ұжымы талай сахнада өнер көрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленді. Бір мақсат, ортақ мүдде тоғыстырған ансамбль мүшелері үшін өнер – жай ғана әуестік емес, өмір салтына айналған.