Негізгі Жаңалықтар Тау туризмінің тартымды бағыты

Тау туризмінің тартымды бағыты

Тау соқпақтарымен серуендеу, қарағайлы орманды аралау, биіктен табиғаттың әсем көрінісін тамашалау. Мұның бәрін Қарағанды облысындағы Қарқаралы тауларынан табуға болады. Көркем өлке табиғат аясында тынығуды ұнататын туристердің сүйікті мекеніне айналған. Мұнда жаяу саяхаттауға, шатыр тігіп, туристік лагерь құруға және фотосеруенге шығуға барлық мүмкіндік бар. Соңғы жылдары ішкі туризмге сұраныс артып, өңірдің табиғи байлығын кеңінен танытуға айрықша көңіл бөлінуде.


Бөлісу