Тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
Қарағанды облысында жылу беру маусымы 1 қазанда басталды. Қысқа дайындық аясында өңірде 12 шақырымнан астам жылу желісі жөнделді. Ал әлеуметтік осал топтағы 14 мың тұрғынға өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.