Негізгі Жаңалықтар Жол сапасы бақылауда

Жол сапасы бақылауда

Жол – Қарағанды тұрғындары үшін өткір әрі өзекті мәселе. Оны жөндеу сапасы, жекелеген учаскелердің жай – күйі де толғақты түйткіл. Ал жұмыстарды жүргізу мерзімі қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер етеді. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында көлік жолдарын жөндеуге қатысты сұрақ көтерілді. Депутаттар осы жылы атқарылған жұмыстардың сапасы мен учаскелерді ретке келтіру жолдарын талқылады.  


Бөлісу