Бала өмірін құтқарған оқушы
Қарағандыда 13 жастағы оқушы төрт жасар баланы судан алып шықты. Оқиға Семізбұға көлінде болған. Қатты желдің салдарынан бала мінген үрлемелі матрас аударылып, бүлдіршін суға түсіп кеткен. Нұралы Әлхан көмекке келіп, баланы жағаға шығарған.