Шахтер еңбегіне құрмет көрсетілді
Саранда Шахтерлер күні мен Қала күні кең көлемде аталып өтті. «Кеншілер еңбегі құрметке лайық» атты мерекелік шара тұрғындар мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кеште шахтер еңбегінің маңызы дәріптеліп, қала тарихы мен кеншілерге деген құрмет айшықталды.