Қарағанды 2026 жылы ТМД-ның Жастар астанасы болып жарияланды
Қарағанды қаласы үшін 2026 жылы ТМД-ның Жастар астанасы атануы – өңір үшін жаңа мәртебе. Бұл жас буын өкілдерінің әлеуетін арттырып, жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Осы бағытта Жастар ресурстық орталығы тұрақты жұмыс істеп келеді.