Негізгі Жаңалықтар Спорттық эстафета жалғасады

Спорттық эстафета жалғасады

 Қарағанды қаласында «Заң және тәртіп» аясында өткен бір айлық спорттық челлендж өз мәресіне жетті. Тамыз айы бойы қала тұрғындары атақты спортшылар мен тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен күнін таңғы жаттығудан бастады. Бір ай ішінде бес мыңға жуық адам таңғы жаттығуға қатысты. Олардың қатарында балалар мен жастар, ардагерлер және аға буын өкілдері бар. Енді спорттық эстафетаны Балқаш қаласы мен Бұқар жырау ауданы жалғастырады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар