Негізгі Жаңалықтар Оғыландар олжамен оралды

Оғыландар олжамен оралды

Қарағандылық жас дзюдошылар әлем чемпионатынан екі медальмен оралды. Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы жаһандық додада Әділжан Жаудінов алтын, ал Бекәлі Еркен қола жүлдеге ие болды. Әлемдік аренада топ жарған спортшылар мен олардың бапкерлеріне облыс басшысы құрмет көрсетті.


Бөлісу