«Қарасора» операциясы жалғасуда
Қарағанды облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 138 құқық бұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 620 келіге жуық есірткі заты тәркіленді. Өңірде есірткі қылмысына қарсы күрес «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жалғасып жатыр. Полицейлер заңсыз есірткі айналымын анықтаумен қатар, оны тасымалдау және тарату арналарының жолын кесуге кіріскен.