Егістіктегі жасанды интеллект
Көзге көрінбейтін өзгерістерді енді әуеден анықтауға болады. Академик Әбілқас Сағынов атындағы техникалық университеттің мамандары аграрларға арналған AgroSky интеллектуалды көмекшіні ойлап тапты. Мультиспектрлі дрон егістікті зерттеп, тыңайтқыш қажет аумақтарды анықтайды. Технология облыс аумағындағы егістік алқаптарынан сынақтан өтіп үлгерді.