Ұлттық паркке кіру жүйесі цифрландырылды
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық паркінде көлік қозғалысын бақылаудың автоматты жүйесі іске қосылды. Алғашқы құрылғы Шайтанкөл көліне апаратын туристік бағыттағы бақылау-өткізу бекетіне орнатылды. Жаңа жүйе келушілердің парк аумағына кіруін жеңілдетіп, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.