Негізгі мақсат – қаланы таза ұстау!
Қарағанды қаласының полиция басқармасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үлес қосып келеді. Негізгі мақсат – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.