Коммуналдық желілер жаңғыртылуда
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Ол коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Теміртау мен Қарағандыдағы жылу, су және электр нысандарының жөндеу барысы тексерілді.