Тамыз конференциясы өтті
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық-зерттеу университетінде тамыз конференциясы өтті. Оған ҚР оқу-ағарту вице-министрі, ҚР конституциялық сотының судьясы және облыстық барлық аудан-қалаларынан білім ұйымдарының ұстаздары мен басшылары қатысты. Кеңесте қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі жасанды интеллектің тетіктерін қолдану мен дамыту тақырыбы талқыланды.