М.Жұмажанов ауылдық округі 90 жылдығын атап өтті
Жаңаарқа ауданында М. Жұмажанов ауылдық округінің 90 жылдығына арналған дүбірлі той өтті. Сарыарқаның сары даласын әуелеткен өнерпаздар мен ауыл азаматтары іс-шараны мерекелік концертпен бастады. Алты алаштың басы қосылған торқалы тойда ұлттық спорт пен өнер ұлықталды.