Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің орындалу қорытындысын талқылады. Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі мен Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тікелей және түпкілікті көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде есеп берді. Көшелерді жарықтандыру, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше назар аударылды.