Қарағандыда қаланың ең ірі жасыл аймақтарының біріне айналатын жаңа экосаябақ құрылысы басталды. Ол Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс шағынаудандарының арасында орналасады. Экосаябаққа 200 гектар жер бөлінген. Жобаның бастамасы ретінде ағаш егу жұмыстары қолға алынды.