Қарағандыда «Жұлдыз болғым келеді» республикалық жобасының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Іс-шара балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өздерінің шығармашылық қабілетін ашуға бағытталған. Балалар мен жасөспірімдер сарайының сахнасында Қарағанды, Ұлытау және Ақмола облыстарынан келген 50-ден астам өнерпаз өнер көрсетті.