Теміртауда «Мамандықтар әлемін ашамыз – 2026» республикалық студенттік форумы өтті. Ауқымды шараға еліміздің 11 өңірінен келген студенттер қатысты. Форум аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды.