Қарағанды облысы бай табиғи, тарихи-мәдени және индустриялық мұраға ие. Бұл көпсалалы туризмді дамытуға мүмкіндік береді. «Visit Karaganda» туристік ақпараттық орталығы ішкі және келу туризмін дамыту, туристік ағынды қалыптастыру және өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында құрылған. Бұл туралы мамандар арнайы брифингте баяндады.