Қарағанды өңірінің спорт қоржыны тағы бір алтынмен толықты. Парапауэрлифтингтен топ жарып жүрген жас спортшы Ернұр Жаманов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жерлесімізді темір жол вокзалынан туған-туыстары ерекше ықыласпен қарсы алды.