Қарағанды облысының Нұра ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді дұрыс игермеген 9 пайдаланушыға айыппұл салынды. Алдағы уақытта олар инспекция берген нұсқамаларды орындамаса, алқаптар сот арқылы мемлекетке қайтарылады. Жалпы Өңірде 2022 жылдан бері 2 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекетке өткен. Ол телімдер ең алдымен ауыл тұрғындарының пайдалануына беріледі. Әсіресе жайылым тапшылығын жоюға күш салынған. Бұдан бөлек, жер учаскелері ашық конкурс арқылы фермерлерге ұсынылады.