Қарағанды облысындағы демалыс орындарындағы тәртіпті туристік полиция қадағалайды. Оның арнайы бөлімшелері Балқаш қаласы мен Қарқаралы ауданында жұмыс істейді. Мамыр айының соңына дейін жағалау аймақтарында қосымша 102 бейнебақылау камерасы орнатылады. Өңірде туристік маусымға дайындық басталып кетті. Жол, байланыс, қауіпсіздік және қызмет көрсету басты назарда. Сондықтан саяхатшылардың демалысы тек әсерлі ғана емес, ыңғайлы болуы тиіс.