Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру ережелері өзгереді. Жаңа ереже бойынша емтиханды есепсіз тапсыруға болады, алайда ақылы. Әр талпыныс арасында кемінде 10 күн үзіліс болуы шарт. Қазіргі жүйеде үміткерге бар болғаны үш мүмкіндік беріледі. Сәтсіз болса, қайтадан оқу курсынан өтуге тура келеді.