1 сәуірден бастап ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026–2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды. Магистратура және докторантура бағдарламаларына үміткерлер admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы өтініш бере алады. Қабылдау ережелері мен биылғы жаңашылдықтар туралы Академияның Қарағанды филиалының директоры Серікжан Байбосынов баяндады.