Теміртауда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын әулет» байқауының қалалық кезеңі өтті. Интеллектуалдық додаға қаладағы ондаған отбасы қатысып, өз білімдерін сынады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.