Қарағанды облысында зейнеткерлер мен зейнет жасына таяп қалған азаматтарды жұмыспен қамту нәтжелі іске асырылуда. «Күміс жас» бағдарламасының арқасында соңғы төрт жылда 5 мыңға тарта адам еңбекке тартылған. Ал өңірде зейнеткерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына бағытталған «Алтын жас» жобасы да қолға алынды.