Конституцияның жаңа жобасы елімізде кеңінен талқыланып жатыр. Өңірлерде тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын енгізе алатын ашық кездесулер өткізілуде.Әлеуметтік қолдау мәселелері мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға да ерекше назар аударылған. Қарағанды облысында 55 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Алайда олардың арасында 12 мыңға жуығы ғана жұмысқа орналастырылған.