Негізгі Жаңалықтар Жеңіл табыс жарға жығады

Жеңіл табыс жарға жығады

Қазақстанда 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап өзгенің ақшасын жай ғана аудару қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Дропперлік енді ресми түрде қылмыс деп танылады. Заңсыз істе сыбайлас болғандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Өткен жылдың өзінде өңірде 2,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркеліп, келтірілген шығын шамамен 5 миллиард теңгені құраған. Қамауға алынғандар да бар. Темір тордың ар жағынан бір-ақ шыққандардың көпшілігі жеңіл табыс іздеген студенттер мен жастар.


Бөлісу