Елімізде жаңартылған Конституция жобасына қатысты жалпыхалықтық талқылау жалғасып жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облыстық филиалы партия белсенділерімен арнайы кездесу өткізді. Оларға жаңа Ата Заңның мазмұнын таныстырды. Жиында партияның ұстанымы айқындалып, ұсыныстар ортаға салынды.