Жоғары оқу орнын үздік аяқтаған, GPA 3.33-тен төмен емес және мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектер үшін үлкен мүмкіндік.Олар 2022 жылғы желтоқсанда енгізілген өзгерістерге сәйкес аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады. Бүгінде бұл жүйе арқылы Қарағанды облысында 43 жас маман ел мүддесі жолында қызмет атқарып жүр. Солардың бірі — жас маман Адель Тлеубаева.