Қарағанды облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірде «Таза сенім» жобасы басталды. Бастама «Құқықтық тәртіп менен басталады» қағидаты аясында іске асырылуда. Жобаға пилоттық режимде бес мемлекеттік орган тартылды. Оның ішінде полиция, мемлекеттік кірістер департаменттері, әділет органдары, білім және денсаулық сақтау басқармасы бар.