Пришахтинск шағын ауданының тұрғындары заңдық тұрғыдан тегін кеңес алып, мамандарға көкейіндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Шараны Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі мен прокуратурасы бірлесіп ұйымдастырды. Мұндағы мақсат азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.