Қарағанды облысында орманшылар жабайы жануарлар мен құстардың қыс мезгілін аман өткізуі үшін қосымша қоректендіруде. Орман алқаптарының тыныш аймақтарына арнайы жемшөп астаулары қойылған. Оған шөп, дән және тұз салынады. Мамандар табиғи тепе-теңдікті сақтау мақсатында жағдайды үнемі бақылауда ұстайды. Ал экобелсенділер мен мектеп оқушылары қалада құстардың суық мезгілді жеңіл өткеруіне көмектесіп жүр.