Қарағанды облысы бүгінде өзін цифрлық шешімдер мен инновациялар өңірі ретінде нық танытып отыр. Өнеркәсіппен қатар мұнда IT-саласы қарқынды дамып, жасанды интеллект технологиялары енгізілуде. Басқару, өндіріс және жалпы экономикалық тәсілдерді өзгертуге қабілетті ауқымды цифрлық жобалар жүзеге асырылуда.