Қарағанды облысында диабет дерті дендеді. Өңірде соңғы жылдары кеселге шалдыққандар 8 пайызға көбейіпті. Тіпті туғанына екі күн толған нәрестенің де аталған аурумен ауыратыны анықталған. Қазір ол сәби небәрі бір жаста. Дәрігерлер дертті дер кезінде алдын алмаса, адамдардың мүгедек болу қаупі жоғары деп дабыл қағады. Аймақта сусамырдың артуына не себеп? Санаға салмақ салатын сауалға әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы жауап іздеп көрді.