ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің сарбаздары ант қабылдады. Сенімді серік еткен 160-ға жуық сап түзеген бозбалалар енді отан алдындағы борышын өтейді. Темірдей тәртіпке төзуге бел буған, уәдесіне болаттай берік жігерлі жігіттермен әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы тілдесті.