Бұқар Жырау ауданында кезекте тұрған азаматтарға арналған заманауи тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ол барлық стандарттар мен талаптарды ескере отырып тұрғызылған. Қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Сонымен қатар, ауданда заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталған полицияның жаңа жедел басқару орталығы жұмыс істей бастады. Өңір басшысының орынбасары жаңа нысандармен танысты.