Қарағандыда педагогикалық еңбек ардагерлері мектепке дейінгі білім берудің жас мамандарымен кездесті. Ашық диалог форматындағы басқосуда қатысушылар ұрпақтар сабақтастығын ортаға салды. Тәлімгерлік және жас педагогтардың кәсіби қалыптасуы мәселелерін талқылады.