Теміртауда жастар арасында тәртіп, жауапкершілік және азаматтық ұстаным мәселелерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жастарға 2025–2030 жылдарға арналған «Құқық және тәртіп» концепциясының негізгі ережелері түсіндірілді. Іс-шараға «Дала қырандары» қозғалысы, прокуратура, полиция және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.