Қарағанды қаласында әлеуметтік желіде қызбен таныспақ болған жігіт қас пен көздің арасында алаяқтардың құрбанына айналды. Жас азамат бойжеткенмен хат алмасудан кейін кездесуге уағдаласқан. Алайда көрсетілген мекенжайға келген кезде қыз емес, екі бейтаныс ер адам күтіп алған. Олар жігітті қорқытып, ақша бопсалаған. Қулығына құрық бойламайтын әккілер 19 жастағы азаматтың 103 мың қаржысын қолды қылыпты. Полиция қызметкерлері тез арада екі күдіктіні қолға түсірді. Олардың 20 және 22 жастағы қала тұрғындары екені анықталды.